Мақаладан Bluetooth X-пен жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтарға жауап таба аласыз
СИПАТТАМА
Bluetooth модулі - Bluetooth технологиясын қолданатын сымсыз қабылдағыш-таратқыш құрылғы.
Техникалық сипаттамасы:

— Өлшем (ұ*е*б): 40х24х24
— Lego детальдарымен сәйкестендірілетін корпус
— Жұмыс кернеуі: 5В
— Өзге құрлығыға қосуға арналған жалғағыш: F-dupont 4pin

R:ED X реттегішіне қосылудағы функционал:

Деректерді жіберу мен қабылдап алу.

Қосылу схемасы (Bluetooth X)

R:ED Code мысалы (Bluetooth X)
*Физикалық тұрғыдан сізде келесідей нәтиже шығуы керек:
- "жетекші" контроллердегі джойстиктің "жоғары" батырмасын басқан кезде, "жетектегі" контроллердің "M1" және "M2" порттарына қосылған қозғалтқыштар сағат тілімен айнала бастайды.
- "жетекші" контроллердегі джойстиктің "солға" батырмасын басқан кезде, "жетектегі" контроллердің "M1" портына қосылған қозғалтқыш сағат тіліне қарсы айнала бастайды, ал "жетектегі" контроллердің "M2" портына қосылған қозғалтқыш сағат тілімен айналады.
- "жетекші" контроллердегі джойстиктің "оңға" батырмасын басқан кезде, "жетектегі" контроллердің "M1" портына қосылған қозғалтқыш сағат тілімен айнала бастайды, ал "жетектегі" контроллердің "M2" портына қосылған қозғалтқыш қарсы бағытта айналады.
- "жетекші" контроллердегі джойстиктің "төмен" батырмасын басқан кезде, "жетектегі" контроллердің "M1" және "M2" порттарына қосылған қозғалтқыштар сағат тіліне қарсы айнала бастайды.

Техникалық қолдау
Қандай да бір мәселе туындаса, red.helpkz@r-ed.world поштасына жазыңыз немесе төмендегі форманы толтырыңыз.